Жоба айтылмай қалған күрес тақырыбын ашуға арналған
  • 1788
Magnum Photos фотоагенттігі қазақстандық фотографтарды «Тыныштықтың арғы жағы/Beyond the Silence» жобасына қатысуға шақырады

Magnum Photos халықаралық агенттігі «Тыныштықтың арғы жағы/Beyond the Silence» халықаралық фотография жобасын бастап, жобаға қазақстандық фотографтарды қатыстыру үшін open call жариялайды. Қазақстаннан бөлек Мексика, Нигерия, Камбоджа мен Украина шақырылған.

Жоба айтылмай қалған (көбінесе тыныштық артына жасырылған) күрес тақырыбын фотографиямен баяндау арқылы ашуды көздейді. Сонымен қатар жоба ортақ пробемаларды жариялай отырып, осы серіктес елдердің фотографтары арасындағы диалогқа ықпал етеді. Жобаға қатысушылар: «Тыныштық нені жасырады? Үнсіздік үнемі оқиға жоқ дегенді білдіре ме? Үндемеу кімге тиімді? Үнсіздік бізді қорғап немесе зиян тигізе ала ма? Кімнің дауысы тыныштықты бұза алады?» – деген сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Фотография оқиғаны құжаттау және хикаяларды баяндау әдістерінің бірі ретінде аудиторияны кеңінен қамтуға, визуал кодтардың ортақ жүйесін құруға мүмкіндік береді. Түрлі фотографиялық көзқарас пен тәсіл арқылы құрылған хикаялар түрлі елдердегі оқиғалар туралы хабардар болу деңгейін арттырады. Түрлі елдердің тарихын білу құрлықтар арасында көпір болуға ықпал етеді, біздің әрекеттерімізді қайта пайымдауға, болашаққа жаңа бағдар белгілеуге итермелеуі мүмкін.

Vlast.kz интернет-журналы «Тыныштықтың арғы жағы/Beyond the Silence» жобасының Қазақстандағы серіктесі болды, жобаны үйлестіруге арт-консультант Гауһар Сәтбаева шақырылды.

«Тыныштықтың арғы жағы/Beyond the Silence» жобасы аясында бес елдің фотографтары, қатысушы елдердегі серіктес институциялар және Magnum Photos агенттігі сегіз фотожоба әзірлейді, олар Мексика, Қазақстан, Нигерия, Камбоджа, Украина және АҚШ-та қоғамдық көрмелерде көрсетіледі.

Open call 2024 жылғы 2 - 24 сәуірге дейін жалғасады. Оған қатысуға мына тақырыптарда жұмыс істеп жүрген қазақстандық фотографтар (тек ҚР азаматтары) шақырылады:

- отаршылдық/отарсыздану
- зорлық-зомбылық пен зақым
- цензура/сөз еркіндігі
- территория тұтастығы
- адам ұрлау
- күрес/бейімдеу

Ашық конкурсқа қатысу үшін мына сілтеме арқылы өтіп, өтінім толтыру керек.

Төменде жобаны өткізу кезеңдері берілген.

1-кезең.
Open call өткізу және нәтижесі
Ұзақтығы: өтінім қабылдау 2 -24 сәуірге дейін

Open call нәтижесінде әр елден 15 фотограф іріктеліп, Халықаралық фотография орталығының құрметті деканы (ICP) Фред Ритчиннің/Fred Ritchin бір күндік онлайн шеберлік сабағына қатысады. Фред Ритчин The New York Times Magazine журналының, Horizon журналының фоторедакторы, Camera Arts журналының атқарушы редакторы болып істеген.
Шеберлік сабағы ұзақ мерзімді жобалар әзірлеуге, визуал баяндауға және күрделі тақырыптармен жұмыс әдістеріне арналады.

Шеберлік сабағынан бөлек «Тыныштықтың арғы жағы/Beyond the Silence» жобасының кураторы Катерина Радченкомен және Magnum Photos редакциялық директоры Джульетта Палумбомен бір онлайн сессия өтеді, сол кезде ұйымдастыру процестері мен жобаның келесі кезеңдерінің логистикасы туралы барлық сұраққа жауап алуға болады.

2-кезең.
Ұзақтығы: 2024 жылғы 14 сәуірден 22 сәуірге дейін.

Екінші кезеңде open call қатысушылары «Тыныштықтың арғы жағы/Beyond the Silence» жобасына ұсынатын фотохикаяны суреттеуі керек. Конкурс нәтижесінде әр елден бір қатысушы анықталады (Оңтүстік-Шығыс Азия, Қазақстан, Мексика, Нигерия), сондай-ақ Украинадан 4 қатысушы іріктеледі.

3-кезең
Ұзақтығы: 3 ай (2024 жылғы сәуір–шілде)

Серіктес елдерден таңдап алынған қатысушылар таңдаған тақырыбы бойынша украин фотографымен жұптасып жұмыс істейді. Мақсат – түрлі елдер арасында тәжірибе алмасу, бір-біріне кеңес беру және қолдау, сондай-ақ зерттеу тақырыбы туралы басқа көзқарас тұрғысынан білу мүмкіндігі. Тақырыпты жоғарыда келтірілген тізімнен таңдау керек.
Осы кезең аралығында сіз жобаңызды немесе хикаяны толықтай немесе оның көп бөлігін әзірлеуіңіз керек. Бұған дейін бастап қойған жұмысыңызды жалғастырсаңыз да болады, бұл жағдайда оның 50 пайызы жоба барысында жасалған жаңа материал болуы керек. Қазақстаннан таңдалған фотографқа фотохикая жобасын әзірлеуге 3000 АҚШ доллары көлемінде грант беріледі.

Соңғы нәтижеге кем дегенде 15 фотосурет және/немесе видео және/немесе фотоинсталляциядан құралған визуал жоба, жобаның мәтіндік суреттемесі, жобаны ары қарай тарату үшін автордың қолы мен өмірбаян материалдары кіруі керек. Барлық кезең барысында Magnum Photos мен «Тыныштықтың арғы жағы/Beyond the Silence» жобасының кураторы Екатерина Радченко іріктеліп алынған қатысушылармен 1-2 онлайн сессия өткізеді.

4-кезең
Ұзақтығы: 2024 жылғы қыркүйек – 2024 жылғы желтоқсан
Қазақстанда (Алматы) конкурс финалистерінің көрмесін өткізу.

5-кезең
Ұзақтығы: 2025 жылғы қаңтар–ақпан
Украинада (Киев) және АҚШ-та (Нью-Йорк) барлық серіктес елдің (Мексика, Нигерия, Камбоджа, Қазақстан және Украина) конкурс финалистерінің көрмесін өткізу.

Жобаның жұмыс тілі – ағылшын.
Барлық сұрақ бойынша жобаның Қазақстандағы үйлестірушісі Гауһар Сәтбаеваға хабарласуға болады:
gsatpayeva@gmail.com, WhatsApp +7 705 184 64 41

Свежее из этой рубрики