7125
11 января 2023
Паоло Сорбелло, суретті Алмас Қайсар түсірген

«…Ескертусіз оқ атуға бұйрық бердім»

Қанды Қаңтар тұсындағы комендант сағаты өмір мен өлім мәселесі еді

«…Ескертусіз оқ атуға бұйрық бердім»

2022 жылдың 7 қаңтарына дейін Қазақстанда «…бұйрық бердім» деген кеңестік сөздің аса салмағы жоқ еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сөзді Қанды Қаңтар өрши түскен тұста тікелей эфирде хабарлады. «…Ескертусіз оқ атуға бұйрық бердім» деген тіркес қосылып, бұл бұйрық уақыт ширегіне бағынбайтын әрі қаһарлы реңге енді.

Желтоқсан айының аяғына қарай, әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы Республика алаңында орналасқан «Тағзым» мемориалының өңделген суреті тарай бастады. Шын мәнінде әйгілі қазақстандық жазушылардың қанатты сөздері жазылған тас тақтаның біріне «…ескертусіз оқ атуға бұйрық бердім» деген тіркес қосылған. Мемориалды сынайтындар ондағы қанатты сөздердің қаңтар қасіретіне қатысы жоқ екенін айтады.

Бас прокурор Берік Асылов биыл 5 қаңтар күні парламент жиналысында құқық қорғау органдарының былтырғы 5 қаңтар күні ескертусіз оқ ату бұйрығын орындағанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, заңға сәйкес, олардың президент сарайына басып кірген мародерларға қарсы шара қолдануға құқы бар.

Тоқаев та бір сұхбатында осыны айтқан: құқық қорғау органдарына ескертусіз оқ ату бұйрығы бұрын беріліп, ал бұл хабар халыққа қаңтардың 7-сі күні ғана айтылды.

Комендант сағатынан көпшіліктің хабары болмады, бұл өмір мен өлім мәселесін шешетін уақыт еді. Қазақстан тұрғындары үйден шығудың өзі өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін білмеді де.

Айдос Мелдеханның отбасы осылай тағдыр тәлкегіне түсті: көлікке оқ жауғанда 4 жасар қызы Айкөркем қаза болды, үлкен қызы Жанел жарақаттанды. Бұл іс те көп іс секілді тоқтатылды.

Қанды Қаңтар тұсында қаза болған 238 адамның жартысынан көбі комендант сағатын бұзғаны үшін өмірден озды. Көбі оларды «ақымаққа» теңейді. Алайда олай емес. Интернет өшірілді, ақпарат шектелді, бойын үрей билеген жандар мұндай болатынын күтпеді.

Элита өкілінен бірнешеуі қамалды, кадр ауысты, көзбояушылыққа толы сайлау өтті, осының арқасында Қанды Қаңтардан кейін Тоқаев қана жеңіске жетті. «Бұйрық» оны халыққа қарсы қойды. Сол «бұйрықтың» келеңсіз салдарын мойындаса, тым болмағанда, елдің қалған бөлігі үшін әділдік орнайтын еді.