Қазақстан билігі тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде елімізге миллионнан астам «қандастың», яғни этникалық қазақтардың қоныстанғанын әрдайым мақтан тұтып айтады. Дей тұра олардың құқығын шектеп, өз Отанында «қонақ» сезінуге мәжбүр етеді. Мұның бәрі қоғам алдында қандастарды «қазақстандықтарға тең емес» азамат ретінде таңбалайтындай.
Қандастарды «мемлекет асырауындағы адамдар» деп шеттеді.
Бұл әлеуметтік топтың атауы өзгергенімен, үнемі бөлек таңбаланып тұрады. Бұл қоныс аударып келгендерге өзге қазақстандықтарға тән емес белгілі бір болмысты қалыптастырды. 2019 жылға дейін олар «оралмандар» деп аталды. Оларға «қандас» атауы берілсе де, ештеңе өзгерген жоқ. Бұл жазбамда да «қандастар» мен «қазақстандықтар» деп жазуға мәжбүрмін, алайда оларды бұлай бөліп қарастыруға болмайды.
«Қытайда қазақ едік, мында келіп оралман атандық», − дейді бір қандас. Ол Қытайдағы мұсылман азшылығына бағытталған қуғын-сүргін басталғанға дейін Қазақстанға көшіп үлгерген.
Қазіргі қандастар Отанынан өз еркімен кетпеген. Бұған ең бірінші колониал патша режимінің «бұратана халықты» (Ресей империясындағы славян еместердің отаршыл атауы) әскери мақсатта қолдануы, кейін индустрияландыру мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін жүз мыңдаған адамның өмірі есебінен шешкен кеңес «модернизациясы» себеп.
Әңгіме барысында ешқашан ешқайда қашпаған этникалық қазақтар ұмыт қалады. Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей мен өзге елдерде бұрыннан тұратындар ше? Бұл адамдар Қазақстанға ұлттық бірегейлігін сақтап қалу ниетімен келеді.
Мемлекет оларға көмек береді, Қазақстанда туған азаматтарды көзге ілмейді. Осы себепті қоғам бөлшектеніп, саяси деңгейде қандастардың бейнесі көрінбейді.
Бұл жанжал қоғамның жағдайы төмен топтары арасындағы текетіреске ұласуы мүмкін. Алматы облысының қандастары мұнда өмір сүру қиын екенін айтады. Солтүстік өңірлерге баратындарға ғана баспана, жұмысқа тұруына көмек беріледі. Алайда онда көбі бара бермейді. Оған қоса, ең маңызды қажеттіліктері қамтамасыз етілмейді, тақыр далада өмір сүруге итермелейді. Қандастар тіл тұрғысынан да шеттетіледі. Өйткені олардың кейбірі орыс тілін, кирилл әліпбиіндегі қазақ тілін білмейді.
Қандастарды қоғам ғана емес, билік элитасы да шеттетіп жатыр. Қазақстандағы ең бай әрі ықпалдылардың бірі Тимур Құлыбаев 2011 жылғы Жаңаөзендегі мұнайшылар наразылығын «оралмандар» басқарды деген.
Тоқаев 2019 жылы «оралман» орнына «қандас» сөзін қолдануды ұсынды. Алайда Қазақстан бір кездері Кеңес үкіметі секілді қандастарды экономикалық және саяси мақсатта пайдаланып, оларды қазақ мәдениетінен жұрдай етіп, Қазақстан азаматы ретінде құнсыздандырып жатыр.
Поддержите журналистику, которой доверяют.