2733
23 августа 2023
Дмитрий Мазоренко, суретті Алмас Қайсар түсірген

Жасанды келісім

Билік қоғам мүддесіне қайшы атом электр станциясы туралы келісім иллюзиясын қалай жасап отыр?

Жасанды келісім

Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы әңгіме ондаған жыл бойы жалғасып келді. Әйтсе де, 2021 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұны шешуші кезеңге бағыттады. Содан бері билік өзі қабылдап қойған шешімді ақтауға тырысып, қоғамдық келісім иллюзиясын көрсету үшін жанталасып келеді.

Тоқаев «мәселені зерттейміз» деп жұмсақ бастап, уақыт өте «АЭС-сіз Қазақстан экономикасының күні қараң» деген сарынға көшті. Алайда АЭС-тің қажет екеніне сенімді бола тұра, орталық билік ақырғы шешімге әлі келмегенін айтады. Олардың іс-әрекеті басқаға меңзейді.

Энергетика министрлігі 2019 жылы-ақ құрылыс салуға ең оңтайлы жер деп Үлкен ауылын белгілеген. Бірақ жоба бойынша түпкілікті шешім қабылданған жағдайда, халықты талқылауға тартуға уәде берген.

Төрт жылдан кейін мемлекет мәселені халықпен талқылаудан, тым болмаса жалпыхалықтық референдум өткізуден бас тартты, өйткені атом электр станциясының дамуы түгелдей Қазақстанның экономикасына зиян тигізуі мүмін әрі орасан зор инвестицияны қажет етеді.

Бұл шешімнің артында не тұрғаны белгілі: қоғамдық ортада күмән болғанын қаламау. Ал билік өз бетінше келісімді «көрсету» арқылы келіспейтіндерді тұншықтыруға тырысып жатыр.

Ал оны салудағы басты қадам – Үлкен тұрғындарына қойылған ультиматум. Ауыл атом электр станциясын салуға келіссе ғана дамиды. Балама нұсқа жоқ: не атом, не құлдырау. Ал станция жұмысының кесірінен Балқаш көлінің тартылу қаупі Үлкенге үлкен зардап әкелетіні маңызды еместей.

Тозығы жеткен ауылдың тұрғындары әлеуеті жоқ деп жойып жібергеннен гөрі, кез келген нәрсеге келісуге дайын. Мемлекет олардың шарасыздығын пайдаланып, жобаның жобасы болмаған күннің өзінде, олардың келісетінін көрсету үшін құрылысты талқылау жиынын өткізеді.

Билік атом электр станциясы құрылысы туралы айтқанда қолдау артты деуден ұялмайды. Халықтың ілтипатын қолдан жасау үшін блогерлер мен инфлюенсерлердің көмегіне жүгінген. Мәселен, Бейбіт Әлібеков Үлкенде түсірген видеосының соңында былай дейді: «Иә, адамдардың бәрі дерлік атом станциясын салуды қолдайды. Иә, бізге “жасыл атом энергиясы” керек».

Бұл туралы көп жағдайда мемлекетпен ауыз жаласқан ғалымдар мен сарапшылар сағаттап сұхбат жазған. Бір де біреуі шығын, қауіп-қатер мен энергетикалық дағдарыспен күресудің басқа әдістері бар екенін айта алатын тәуелсіз тараптың пікірін бермеген.

Белсенділер болса, атом электр станциясы әкелетін экологиялық және геосаяси қауіпке назар аударады.

АЭС тек Балқаш көліне емес, сонымен қатар, қалдықтарды кәдеге жарату процедурасы дамымағандықтан, жалпы қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Оған қоса, билік пен кәсіпорын қызметкерлерінің салғырттығынан ауыр жазатайым оқиғалардың болуынан қорқады.

Бірақ олар бірінші кезекте егемендігімізді жоғалтып аламыз ба деп қауіптенеді, өйткені «Росатом» АЭС құрылысы мен қызмет көрсету бойынша бас мердігері болса, Ресей Қазақстанды өз мүддесі үшін айла-шарғы құралы етіп пайдалануы мүмкін.

Мемлекет, бұған қарамастан, халықты өзіне қауіп төндіретін нәрсеге келісуге мәжбүрлеп, өз мүддесін ойлауды жалғастырудан танбай отыр.