Уақыт белдеуінің ауысуы: Нені білу керек?

29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстанның көп өңірінде сағат тілі бір сағатқа артқа жылжиды. Сағат өзгергеннен кейін бүкіл Қазақстан UTC+5 уақыт белдеуінде өмір сүреді. Қазір елде екі сағат белдеуі бар: UTC+5 және UTC+6. Айта кетсек, ХХ ғасырда Қазақстан аймақтары төрт уақыт белдеуінде өмір сүрген кездер болған, ал екі сағат белдеуіне 2000 жылы көшті.

Бұл өзгеріске қалай өтетінімізді, құрылғыдағы сағатты кім және қалай ауыстыруы керек екенін талдаймыз.

1

Қай өңірде уақыт ауысады:

Астана

Алматы

Шымкент

Ақмола облысы

Алматы облысы

Жамбыл облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Түркістан облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Абай облысы

Жетісу облысы

Ұлытау облысы.

2

Қай өңірде уақыт өзгеріссіз қалады:

Ақтөбе облысы

Атырау облысы

Батыс Қазақстан облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы.

3

Телефондағы сағат уақытын қалай өзгертеміз?

Телефоныңыз интернетке қосылған әрі уақытты автоматты түрде анықтау жұмыс істеп тұрса, онда уақыт автоматты түрде ауысады және өзіңіз ештеңені өзгертпесеңіз болады. Бұл ретте ұялы байланыс операторлары өз абоненттеріне «кейбір ұялы байланыс қызметі шектелуі мүмкін» деп ескертті.

Ал егер телефон интернетке қосылмаған болса, Android операциялық жүйесінде: Реттеулер > Жүйе > Күн және уақыт тармағына өтіңіз. Күн мен уақытты автоматты түрде анықтау және Автоматты уақыт белдеуін қосыңыз. Автоматты орнату жұмыс істемесе, осы опцияларды өшіріп, күнді, уақытты және уақыт белдеуін өзіңіз орнату қажет болады.

IOS (iPhone және iPad): Параметрлер > Жалпы > Күн мен уақыт тармағына өтіңіз. Автоматты түрде орнатуды қосыңыз Қажет болса, бұл опцияны өшіріп, дұрыс уақыт пен күнді өзіңіз таңдап, орнатыңыз.

4

Компьютерде сағат уақытын қалай өзгертеміз?

Windows: Басқару тақтасы > Сағат және аймақ > Күн мен уақыт тармағын ашыңыз. «Интернет уақыты» қойындысына өтіп, «Параметрлерді өзгерту» түймесін басыңыз. Интернет уақытымен «Синхрондау» опциясы қосылғанына көз жеткізіңіз және «Қазір жаңарту» түймесін басыңыз. Автоматты жаңарту жұмыс істемесе, Күн мен уақыт қойындысына өтіп, «Күн мен уақытты өзгерту» түймесін басып, дұрыс уақытты өзіңіз орнатыңыз.

MacOS: Жүйе теңшелімдері > Күн мен уақыт тармағын ашыңыз. Күн мен уақытты автоматты түрде орнату опциясы таңдалғанын тексеріңіз. Қолмен конфигурациялау қажет болса, осы опцияны алып тастап, қажетті өзгертулерді өзіңіз орындау қажет болады.

5

Ұшаққа билет алып қойған болсаңыз:

29 ақпан–2 наурыз аралығында «жедел желі» жұмыс істейді. Ұшу және қону уақытының өзгеруіне байланысты сұрақтар болса, +7 7172 798214, +77172 798213 нөмірлеріне хабарласуға болады. Рейстер бойынша ақпаратты әуежайдың ақпарат қызметіне, әуе компанияларының колл-орталықтарына хабарласып, сұрауға кеңес береміз: «Air Astana» + 7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77; «FlyArystan» +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227); «SCAT» +7 7252 99 88 80; «Qazaq Air» + 7 727 356 14 14.

6

Уақыт белдеуін ауыстыру не үшін қажет?

Қазақстанның біртұтас уақыт белдеуіне көшуі туралы бастаманы Василий Фесенков атындағы Астрофизика институты ұсынған, онда Қазақстанның басым бөлігі табиғи уақыт бойынша өмір сүрмейді деп мәлімдеді.

Ал денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардың ұйқы сапасы жақсарады деп уәде беріп отыр, себебі биологиялық сағат ұйқы режимі мен сергек болуға әсер етеді дейді. Әзірге байқалған айшықты ерекшеліктің бірі – осы аптада iPhone қолданушыларының күнтізбесінде бір емес, екі бейсенбі күні көрсетілді. Биыл кібісе жылында қазақстандықтардың көпшілігі үшін бұл қыс мезгілі бұрынғыдан бір сағат ұзағырақ болады. Қазақстан уақыт белдеуі өзгергенде Еуропа уақытына бір сағат жақындайды, ал Қытай уақытынан бір сағат ұзарады. Енді қараңғы ерте түседі. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында қыста күн ең ерте дегенде 15:20-да батады, ал таң 03:15-те атады.

  • 10434 просм.
  • 0 комм.

Другие материалы