Дәстүрлі түрде LGBTQ+ қауымдастығының мүшелеріне қарсы қудалау, қысым көрсету немесе зорлық-зомбылық жиі болып тұратын Қазақстанның ең үлкен қаласы Алматы сонымен бірге ең инклюзив қала болып есептеледі. Дрэг орындаушылар қауымдастық мүшесі болу-болмауына қарамастан, жарқын шоулары мен өз кейіпкерлері арқылы дәстүрлі бинар гендер рөлін өзгертуге тырысады.
Алматыдағы ең танымал дрэг-шоудың бірі - 2022 жылдың басында шыққан DragOn қойылымдары.
Дрэг-шоу: ойын-сауық пен білім беру арасында
DragOn жергілікті белсенді Әмір Шайкежанов негізін қалаған «Амировка» квир барында және қауіпсіз алаң аумағында ұйымдастырылып, өткізіледі. Қауіпсіздік мақсатында бардың мекенжайы жария етілмейді және қауымдастық ішінде құпия болып қалады.
«Қазақстанда дрэг-шоулар тек ерін синхронымен шектелетінін байқадық. Бұрын дрэг сахна қойылымдары өте үлкен әрі әртүрлі еді. Онда Бурлесктен түрлі эксперименттік форматқа дейін болды. Сондықтан бұл шоулардың қайда жоқ болып кеткені бізге қызық болды», — деді Шайкежанов.
Шайкежанов DragOn басқа дрэг-шоулардан театрланған қойылым актісі, сюжеті және оқиғаның күрделілігімен ерекшеленетінін атап өтті.
«Бұл өзіндік рефлексияның, өзіңді зерттеудің бір түрі. Зорлықтың түрлі әдісі, қабылдамау, камиң-аут тақырыптары қозғалады», — дейді DragOn ұйымдастырушысы.
DragOn төртінші шығарылымының жеңімпазы, сахнада Maxxxine ретінде танымал Максим Шаблонов бұл қойылымдар шекараны бұзудың бір жолы екенін айтты.
«Біз белгілі бір мәселені алып, оны шері бар комедиялық жолдауға айналдырамыз. Бұл құқығы шектеулі адамдарға өмір сүруге және бір нәрсені жеткізуге мүмкіндік беретін наразылық түрі», — деді Шаблонов Власть редакциясына берген жауабында.
Шаблонов дрэг-шоу ауыр күресті бір мерекелік тәжірибеге айналдырады деп біледі.
«Бәріміз бұл ауыртпалықты сезінеміз. Әділетсіздіктен, квир қорқыныштан, құрметтемеуден және басқа да қиындықтардан зардап шегіп келеміз. Сондықтан мен үшін мұның бәрін комедияға айналдырып, сол арқылы катарсисқа жету маңызды. Дрэг — ерекше тәсіл».
Асқақ арман
2022 жылдың басындағы бірінші байқаудан бері DragOn көркейген. 2023 жылдың ортасында өткен төртінші маусымға қатысушылар театр қойылымы, хореография және декорация бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, дайындалған.
«Бұл іс-шара аймақтарға да тараса, халықаралық деңгейге шықса деп армандаймын. Сонымен қатар, бір күні бұл шоуды теледидарда көрсетеді деп үміттенемін. Себебі бұл әдемі өнер», — дейді Шайкежанов.
Басқа да дрэг әртістер сияқты Шаблонов та 2009 жылғы америкалық RuPaul’s Drag Race реалити-шоуын көру бетбұрыс кезеңі болғанын айтады.
«Бастапқыда еркектердің жай ғана әйел киімін киюін “кринж” деп ойладым. Алайда өзіңді қабылдау туралы драмалық қойылымды көргенде еріксіз жылап жібердім. Бұл шоу менің дрэг сахна туралы түсінігімді кеңейтті және маған жаңа әлем ашты», — дейді ол.
Шаблонов кейіпкері Maxxxine-ді Қазаннан Санкт-Петербургке көшкенде дамыта түскен.
«Maxxxine — сәл күлкілі актриса, кей тұста керегінен артық ойнауы мүмкін. Бірақ дрэгтің мәні де сол. Біз кейіпкеріміздің кем тұсын оның артықшылығы ретінде көрсетеміз», — дейді Шаблонов.
Шаблонов жүздеген мың ресейлікпен бірге Қазақстанға жақында келген. Әскерге шақырылған ресейліктердің Қазақстанға көптеп келуі Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысынан кейін басталды, артынша 2022 жылғы қыркүйекте мобилизация қосылды.
Көппен бірге Шаблонов та Алматыға көшіп келген. DragOn үшінші маусымының финалын көргеннен кейін төртінші маусымға жазылған. Бұл – Шаблоновтың дрэг-шоудағы алғашқы жарысы.
Бетперде артында
Дрэг әртістерге, әсіресе квир қауымдастық мүшелеріне қауіпсіз ортада өз кімдігін көрсетуге және қиындық пен алалауды өткеруге көмектеседі.
DragOn қойылымдары жынысы немесе жыныстық ұстанымына қарамастан, ынталы аудиторияны тарта алды.
Дрэг-орындаушылар әр елден келген, түрлі ортадан шыққан, бірақ оларды осындай қауіпсіз кеңістік біріктіреді.
Мақалаға өзгерту енгізілді: 14 желтоқсанда жарияланған мақалаға материал кейіпкерлерінің бірі редакцияға хабарласқаннан кейін өзгертулер енгізілді.
Поддержите журналистику, которой доверяют.