3661
26 марта 2024
Коллаж авторы Данияр Мүсіров

«Власть» басылымына 12 жыл

Редакциядан оқырманға хат

«Власть» басылымына 12 жыл

Біз 12 жыл бұрын жұмыс істей бастадық. Миллион оқырманы, қыруар қаражаты мен ресурсы бар алпауыт медиа болмасақ та, оқырманымызға әрдайым адал болып келе жатырмыз. Мемлекеттің ақпараттық саясатына қарсы болған күннің өзінде маңызды деп тапқан мәселелер туралы жазамыз.

Читайте этот материал на русском.

Read this article in English.

Қиындығы мен қызығы қатар жүрген 12 жыл өтті. Біздің сайтты бұғаттады, 2016 жылы жабылуға аз қалдық, ол кезде де бізді құтқарған сіз болдыңыз, қадірлі оқырман. Даму жолында түрлі әдісті сынап көрдік – офлайн шаралар, фестивальдер өткіздік. Пандемия мұның бәрін тоқтатты және біз қайтадан тығырыққа тірелдік. Алайда қазір, 2024 жылы біз әлі де жұмыс істеп келеміз. Бізбен бірге бастаған қанша ақпарат құралы жабылғанын ескерсек, бұл атап өтерлік жағдай.

Мемлекеттің қолдауынсыз қиын болса да, 2015 жылы біз тендерге қатысудан бас тарттық және күні бүгінге дейін бұған өкінген емеспіз. Бізге шетелдік донорлар қолдау көрсететінін әрдайым ашық айтамыз, олардың арқасында қиын кезеңдерде жұмысымызды жалғастырып келеміз. Дегенмен оқырманымыз бен қоғам мүддесі редакция саясатының басты назарында болып қала береді.

12 жыл бойы атқарған қызметімізді әрі қарай да жалғастыра береміз: өзге бұқаралық ақпарат құралдары айтпайтын митингілер, соттар, Қанды Қаңтар мен оның құрбандары, азаптау туралы жазамыз. Ыңғайсыз сұрақ қоюды, биліктің даулы шешімдерін сараптауды жалғастырып, ел мен халықтың өзгеруіне назар аударамыз. Зерттеу де назарымыздан тыс қалмайды: халықаралық зерттеуші журналистердің ұйымы OCCRP-мен бірлесіп те, өзіміз де өңірлерде не болып жатқаны туралы айтуды да жалғастырамыз. Журналистің негізгі жұмысы да — осы.

12 жыл ішінде 60 мыңға жуық мәтін (жаңалықтар, мақала, фоторепортаж, видео, тест және басқа да көптеген материал) жарияладық және бірнеше үлкен жобаны жүзеге асырдық.

Әрі қарай да жалғастырмақ ниеттеміз – 12 жыл ішінде жанымызға жақын материалдар жиналып қалды. Бізді оқитын, дамуымызға көмектесіп, қолдап жүрген оқырманға жақын тиген материалдар бар деп үміттенеміз.

Бұл хат арқылы алғашқы мүшелімізді еске салумен қатар, еркін медианы қолдаудың маңызы туралы тағы да айтып өткіміз келді. Әртүрлі жағдайда тәуелсіз болып, көбірек жұмыс істеуге оқырман мен олардың тұрақты донаты көмек бола алады. Біз осылай деп алғаш донатты қолға алғанда айтқан болатынбыз және мұны дәлелдей алдық деп ойлаймыз.

Тұрақты донат жіберіп жүрсеңіз, рахмет дейміз. Бір реттік қаржылай қолдау көрсеткіңіз келсе де, рахмет! Біз туралы достарыңызға айтып берсеңіз, бұл да бізге көмек болады. Бұл үшін де алғыс айтамыз!

Жылдар бойы бізбен бірге болғандарыңызға рахмет! Жалғыз емес екенімізді және оқырманымыз үшін жұмыс істеп жатқанымызды түсіну бізге әрі қарай дамуға көмектеседі. Сіздермен бірге әлі талай туған күнді тойлаймыз деп үміттенеміз.