4542
6 апреля 2023
Паоло Сорбелло, сурет www.anpz.kz

Жанармайға іздеу салу

Кеңес дәуірінде салынған мұнай өңдеу зауыттары мен жасыл экономикаға көшудегі іркіліс жанармай тапшылығын тудырып жатыр

Жанармайға іздеу салу

Бірнеше қаладағы жанармай құю бекеттері жанармай тапшылығымен бетпе-бет келіп жатқан тұста, 3 сәуір күні бұрынғы энергетика министрі Болат Ақшолақов “елімізде жанармай өндірісі тұрақты жүріп жатыр” деп айтты.

Сонымен қатар, министр Ақшолақов соңғы қызмет күні бензин мен дизель отының айтарлықтай қымбаттайтынын (11% және 20%) ескертті. Үкімет те кей өңірде газ бағасының қымбаттауы мүмкін екенін айтты.

Бұл жағдай жыл сайын “баяғы жартас – сол жартас” күйінде қайталана береді.

2014 жылдың басында, кезекті жанармай тапшылығы кезінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мұнай өндіретін төртінші зауыт керегін мәлімдеген.

“Біз мұнай шығаратын елміз ғой. Бұл ақылға қонымсыз!”, – деген еді ол.

Алайда логистикалық жоспар үнемі ауысып тұрады. Үкімет төртінші зауыт салуға бірнеше жерді ұсынды – Ақтау мен Түркістаннан бастап, Петропавлға жақын ауылға дейінгі жерлерді.

2017 жылы жанармай құю бекеттерінде көліктер ұзын-сонар кезекте тұрғанда, сол кездегі энергетика министрі Қанат Бозымбаев “елімізде жанармай тапшы емес” деген.

Әркез жанармай тапшы болған тұста мемлекет бұл олқылықтың орнын толтыру үшін Ресейден сатып алады.

Мемлекеттің елде бар мұнай өндіретін үш зауытты жаңғырту жоспары белгіленген уақыт пен қаржы шегінен асып кетті, ал Атырау, Шымкент пен Павлодардағы мұнай өндіретін зауыттарды жөндеу жұмыстары тиімсіз болғанымен қоймай, ақшаның сорына айналды. Осыдан екі жыл бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай өндіруші зауыт басшыларын “ақша жымқыруға қатысы бар” деп айыптады. 2022 жылы Атырау және Павлодардағы мұнай өндіретін зауыттың бұрынғы басшылары қызметін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Оған қоса, Қазақстан үкіметі автокөліктерді пайдалануды азайту саясатына көшуде артта қалып отыр.

Шетелден сатып алынған ескі әрі тиімсіз көліктер дау-дамайдың ортасында қалды. Үкімет оларды тіркеуге салық салғысы келді, ал көлік жүргізушілері бұған қарсы шықты

2022 жылдың қаңтарында газ бағасының күрт қымбаттауы Маңғыстау облысында бастау алған, кейін барлық өңірде жалғасқан, ақырында үкімет басып-жаншыған Қанды Қаңтарға негіз болды. Үкімет наразылық толқынын басқаннан кейін жанармай бағасына қатысты сөзінен бас тартқандай болды.

Ақпан айында Қаржы министрлігі ішкі нарықты үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жанармай экспортына салынған тыйымды маусым айына дейін созатынын хабарлады.

Энергетика министрлігі әр жыл сайын мұнай өндіретін төртінші зауыт құрылысының мәселесі қарастырылып жатқанын айтып, қысқамерзімді шешім ретінде Шымкенттегі мұнай өндіретін зауыттың қуатын арттыруды ұсынады.

Ақшолақов – 19 наурыз күнгі парламент сайлауынан кейін қызметінен кеткен екі министрдің бірі. Алайда бұдан үкіметпен байланыс жақсарып кетеді дегенге сену қиын. Астана дәліздері мен мұнай өндіретін зауыттардың баспасөз хабарламасынан “жағдай жақсарып келе жатыр, тапшылық жоқ, келесі ауқымды жобалардың бірі бірнеше жылдан кейін ғана соңына жетеді” дегенді ғана ести береміз.