Орталық Азиядағы көлеңкелі инвестор
2019 жылы OCCRP Орталық Азияда жемқор кеден қызметкерлерінің қолдауымен құрған Хабибула Абдуқадырдың сауда империясы әшкереледі. Бұрынғы қызметкері Абдуқадыр мен оның отбасын заңсыз табыс тауып, жүздеген миллион долларды жымқырды деп айыптады.
Бұл зерттеу контрабанда империясын құрды деген айыпқа ілінген Абдуқадыр мен оның бауырларының ірі кәсіпкер атануына ештеңе кедергі болмағанын баяндайды. Ал олардың ақшасын Орталық Азия елдерінің билігі ықыласпен қабылдады.
«Орталық Азиядағы көлеңкелі инвестор» жобасы — OCCRP, «Радио Озодлик» («Азаттық Радиосының/Азат Еуропа радиосының өзбек қызметі), «Власть» (Қазақстан) және «Клооптың» (Қырғызстан) бірлескен журналистік зерттеуі.